Маңғыстау облысында медициналық мекемелерге тамақтан улану белгілерімен жүгіндер саны өсті. Уланып қалғандардың барлығы «Али-Ман» қоғамдық тамақтану орнынан тамаққа тапсырыс бергені анықталды.
Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 ақпаннан бастап Бейнеу ауданының орталық аудандық ауруханасына 36 адам уланып жүгінген, олардың 28-і ауруханаға жатқызылған, сегізі амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Ауруханада жатқан адамдардың жағдайы орташа ауыр ндеп бағалайды. Олардың барлығы «Али-Ман» қоғамдық тамақтану орнынан тамаққа тапсырыс берген, оның жұмысы 22 ақпаннан бастап тоқтатылды.
Денсаулық сақтау басқармасы науқастарды облыс орталығына жіберудің қажет жоқ екенін және оларды емдеу аймақтың бас инфекционистінің қатысуымен телемедицина арқылы өткізілген консилиумдардан кейін белгіленгенін атап өтті. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, қосымша тағы төсек орынмен қамтамасыз етуге дайын.
Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаппай тамақтан улану дерегі бойынша тергеу амалдаоы жүргізіп жатыр. Осының алдында 23 адам уланғаны хабарланған, алайда бұл олардың саны бұдан көп болып шықты.