«Шымкентте есірткі сатумен айналысқандар ұсталды: Атыс және есірткі»


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/05/speech-54300-1684329168-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі сатымен айналысқан екі ер адамды ұстады.

Ұстау барысында олардың бірі тәртіп сақшыларына белсенді қарсылық танытып, аэрозольді тапаншадан екі рет ауаға оқ атқан. Жедел уәкілдер қоян-қолтық ұрыс әдісімен күдіктілерді дер кезінде қарусыздандырды.

Сондай-ақ жалдамалы пәтерді тінту барысында полиция қызметкерлері шкаф ішінен әртүрлі дозаларға бөлінген 4 дана полиэтиленді пакетке салынған орамалар мен тапанша тәркіледі. Ал ұсталғандардың бірінің қалтасынан есірткіге ұқсас, ұнтақ тәріздес заттар салынған 4 полиэтиленді орама алынды.

Ұсталғандарға қатысты «Бұзақылық» және «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды.

Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды.

Добавить комментарий