Арнайы операция барысында 240 күдікті ұсталды

«Іздеу» арнайы операциясының есебіне сәйкес, қазақстандық полицейлер ТМД бойынша іздеуге берілген 240 адамды ұстады. Бұл туралы брифингте ІІМ өкілі мәлімдеді.

Атап айтқанда, Нұрділда Ораз өткен аптада Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ТМД елдердіндегі әріптестерімен бірлесіп «Іздеу» халықаралық операциясын өткізгенін хабарлады. Осы операция аясында полицейлер сот төрелігінен жасырынып жүрген 240 қылмыскерді ұстады.

«Қазақстандық полиция қызметкерлері Достастық елдерінде іздеуде жүрген 93 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, бұрын хабар-ошарсыз кетті деп саналған 89 адамның тұрғылықты жері анықталды», — деді Ораз.

Жалпы, оның айтуынша, өткен аптада елімізде 3 378 құқық бұзушылық орын алған. Олардың 2 199-ын ізін суытпай ұсталды. Сол кезеңде, Ораздың мәліметінше, есірткі саудасы саласында 164 қылмыс жасалған. ІІМ-де Өткен брифингте Қазақстанда адам ағзасын заңсыз трансплантациялау бойынша қылмыстық топтың жойылғаны хабарланды.

Добавить комментарий