«Шелек» ауруханасындағы жастар төбелесіп қалды: Полиция тергеу амалдарын бастады
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханада болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеодан ғимаратта және медициналық мекеменің ауласында бірінің артынан бірі қуып келген бірнеше агрессивті жас жігіттерді көрінеді. Полиция Наурыз мейрамы кезінде аурухана аумағында болған ауыл тұрғындарының төбелесіне қатысты тергеу амалдарын бастады.
Төбелеске ұласқан жанжал барысында қатысушылардың бірі пышақ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Артынша онымен төбелескен ер адам төрт досымен ауруханаға келген. Оларың заңсыз әрекеттері видеоға түсіп қалған.
Алматы облыстық полициясы аталған деректі растап, аталған іс бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қақтығыстың барлық қатысушылары ұсталып, қамауға алынды. Жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін шаралар қабылданады.