Түркістан облысында қызғаныштан әйелін атып өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарылды.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін қызғаныштан атып өлтірген 41 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды.
Жантүршігерлік оқиға Сауран ауданы Қаражон ауылында орын алған. Тергеу материалдарына сәйкес әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі 16 калибрлі мылтықпен басынан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қайтыс болды.
Сотта қылмыскер әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. Алайда 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.
Ол 18 жыл қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енді.