Қызылорда облысында белгісіз вирус жылқы өліміне әкелді

Қызылорда облысының тұрғындары жұмбақ ауруға шалдыққан мал өлімі туралы айтып отыр. Ветеринарлар вирустың шығу тегін жоққа шығарып, малшылардың өздерін кінәлайды.

Қызылорда облысының шаруалары жүздеген жануардың белгісіз аурудан қаза тапқанын мәлімдеді. Адамдар оларға өтемақы төлеуді сұрайды.

«Ауылда 200 жылқы қаза тапты. Бұл тамыз айында басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Неге өліп жатқаны белгісіз. Біз 50 жыл бойы мал өсірумен айналысып келеміз, бірақ мұндайды ешқашан көрген емеспіз. Орта есеппен алғанда мал 10 күндей ауырады, жем-шөп жемей, нашарлап, содан кейін өледі. Емдеу нәтижесіз қалып отыр. Бір қызығы, айғыр ауру жылқыларды табынға жақындатпайды», — деді Бәйкенже ауылының малшысы Қанетбек Кембай.

Солтүстік облыстарда құс үшін өтемақы беріледі. Бізге де сондай көмек болса. Біреулерде 20-30 жылқыдан қырылып жатыр, ондай отбасылар аз емес», — деп атап өтті Байкенже ауылының тұрғыны Әбдіманап Әкімбек.

Ветеринарлық инспекция оқиғаға адамдардың өздері кінәлі екенін мәлімдеді.

Жылқылардың өліміне себеп болған ауру- асқазанға түскен бөгелек құрты қоздырған гастрофилез. Бұл далада жүрген жылқының ішіне тез түседі.

Биыл өте ыстық болды, жаңбыр жауған жоқ. Малға арнайы күтім керек, күндіз емес, кешке бағу керек еді. Сосын дезинфекция жасап, жылқыларды тазалап, жануарларда жәндіктер болмауы үшін жуу керек еді, — деп түсіндіреді Жаңақорған ауданының ветеринарлық станциясының директоры Марат Қазыбаев.

Қызылорда облысының төрт ауданында ресми түрде ауру анықталды.

Әкімдік жұмыс комиссиясын құрып, қырылып жатқан малдың өтемақысын төлеу мүмкіндігін талқыламақ.

Добавить комментарий