Қапшағай тас жолында адам өліміне алып келген жол апаты болды

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай тас жолында 4 адамның өмірін қиған жол апаты болды.

Тағы екі адам жарақат алып, жол апаты орнынан Қапшағай ауруханасына жатқызылды.

Алматы облысы Қапшағай-Бақанас тас жолында соңы қайғылы аяқталған жол апаты орын алды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 58 жастағы Toyota Land Crusier маркалы автокөлігінің жүргізушісі шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысты», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында төрт адам қаза тапты (Toyota Mark 2 көлігінің 3 жолаушысы және Toyota Land Crusier көлігінің жүргізушісі), екі адам (Mark 2 көлігінің жүргізушісі мен Land Crusier жолаушысы) Қапшағай ауруханасына жатқызылды.

Аталып өткендей, бұл жол апаты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі «Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану ережесін бұзуы» бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді

Тиісті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Добавить комментарий