«Қазатомөнеркәсіп» Ресей Федерациясы арқылы транзит «Росатом» Батыстың санкцияларына ұшырауына байланысты тоқтатылған жағдайда іс-қимыл жоспарын әзірлеуде.
Әзірге Украинадағы оқиғалар «Қазатомөнеркәсіптің» қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Антиресейлік санкциялар уран саласын қамтымады, алайда «Қазатомөнеркәсіп» барлық ықтимал тәуекелдерді мұқият бағалайды, делінген компанияның хабарламасында.
«Қазатомөнеркәсіпте» рРесейлік банктерге, соның ішінде Сбербанкке, ВТБ-ға қарсы белсенді халықаралық санкциялық үдерістеріне байланысты Топтың осы банктермен және олардың еншілес ұйымдарымен қызметті жүзеге асыруы немесе өзара әрекеттесуі қазіргі таңда орынсыз екенін атап өтті. Топ қолда бар қаражатты ағымдағы санкцияларға жатпайтын банктерге тарату бойынша шаралар қабылдады
«Қазатомөнеркәсіптің» Ресей Федерациясының резиденті Уранды байыту орталығымен (УБО) уранды қайта өңдеуге арналған шарты бар.
«Топ осы Келісім бойынша қызмет көрсету жалғасады деп болжайды. УБО-ның валюталық шоттарын шектеу және бұғаттау жағдайында немесе ресейлік банктер SWIFT жүйесінен шыққан жағдайда УБО-мен АҚШ долларымен өзара есеп айырысуды жүргізу кезінде қиындықтар тәуекелі туындауы мүмкін. Сондай-ақ «Росатом» МК санкциялар тізіміне енгізу мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер мен жоспарларға талдау жүргізіледі», — деп атап өтті компаниядағылар.
Топтың экспортталатын өнімдерінің бір бөлігі Ресей Федерациясы арқылы тасымалданады және сәйкесінше, Ресей аумағы арқылы транзитпен де, жүктерді теңіз кемелерімен жеткізумен де байланысты тәуекелдер бар.
«Топ Ресейге қарсы санкциялардың жағдайын және дайын өнімді тасымалдауға ықтимал әсерді үнемі қадағалап отырады. Осы қаржылық есеп беру күні Топтың түпкі тұтынушыларға өнімдерін жеткізуге байланысты қызметіне қатысты шектеулер жоқ. Топта Ресей Федерациясының аумағынан өтпейтін балама бағыт бар және бұл бағыт бұрыннан сәтті қолданылған», — деп хабарлады Қазатомөнеркәсіп.
Қазіргі уақытта Топтың қаржылық жағдайына Украинадағы оқиғалар әсер еткен жоқ. Топ кірістерінің басым бөлігі АҚШ долларында түседі және қаржыландыру да АҚШ долларында тартылып, валюталық тәуекелге табиғи хеджілеу әсерін жасайды. Тиісінше, ұлттық валюта бағамының ауытқуы Топтың қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай әсер етпейді.