Байден әкімшілігі барлау қызметіне $85,5 млрд бөлуді жоспарлап отыр

2022 жылы АҚШ барлау қызметіне $85,5 млрд бөлуді жоспарлап отыр. Қалған бөлімдер $62,3 млрд алады.

Президент Джо Байден басқаратын Ақ үй АҚШ Конгресінен АҚШ барлау қоғамдастығының қызметіне 2022 қаржы жылына $85,5 млрд сұратып алды, ол ағымдағы жылдың 1 қазанында басталады. Сейсенбі күні Пентагонның баспасөз қызметі хабарлағандай, тек Әскери барлау бағдарламасын (Military Intelligence Program, MIP) жүзеге асыруға әкімшілік $23,3 млрд алғысы келген.

«Бұл қаражат қорғаныс министрінің стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, — делінген Қорғаныс министрлігінің таратқан мәлімдемесінде. — Аталған бағдарламаның егжей-тегжейі немесе MIP-ды қаржыландыруға қатысты ешқандай ақпарат жарияланбайды, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан құпия болып қалады».

Өткен жұма күні АҚШ Ұлттық барлау директоры Эврил Хейнс елдің барлық барлау ведомстволарының қажеттіліктеріне $62,3 млрд алуға үміттенетінін мәлімдеген болатын. Бұл қаражат, атап айтқанда, ЦРУ, ФБР барлау бөлімдеріне, Есірткі таратуға қарсы күрес басқармасына, Ішкі қауіпсіздік, қаржы және энергетика министрліктеріне, сондай-ақ Мемлекеттік департаментке бөлінеді. Олардың барлығы Ұлттық барлау бағдарламасын (National Intelligence Program, NIP) жүзеге асыруға жұмылдырылған.

Ұлттық барлау директоры аппаратының мәліметінше, барлау қоғамдастығының жиынтық шығыстары өткен жылы $85,8 млрд, 2019 жылы — 81,7 млрд, 2010 жылы — 80,1 млрд, 2007 жылы — 63,5 млрд құрады.

21 қаңтарда қызметке кіріскен Хейнс елдің 17 барлау ведомствосының жұмысын үйлестіреді. Бұл қызмет 2005 жылы Нью-Йорк пен Вашингтондағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерден кейін арнайы қызмет реформасы аясында құрылған.

Добавить комментарий