Мемлекеттік бюджетті жымқырған азаматқа қатысты үкім шығарылды

Жамбыл облысында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған азаматқа қатысты үкім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік! Балабақша қызметкері бюджеттен 54 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бірнеше жыл бюджет қаражатын өз картасына заңсыз аударып отырған.

«Жамбыл облысы Сарысу аудандық білім бөлімінің» Ақбота «балабақшасының қызметкері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды», — деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Балабақша бюджеті бойынша жауапты қызметкер Әбибуллаев 2018-2021 жылдар аралығында өзінің карточкалық шотына 54 млн теңге заңсыз аударғаны анықталды.

Әбибуллаев алты жылға бас бостандығынан айырылды.

«18 млн теңге мөлшеріндегі залал сомасының бір бөлігі өтелді», — деп нақтылады агенттіктегілер.

Добавить комментарий