Алматы әкімдігін басып алу: екі шетелдік азаматтың қатысқаны дәлелденді

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерге екі шетелдік азаматтың қатысқаны дәлелденді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Бас прокуратура қаңтарда орын алған лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда. Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталды.

«Тергеумен 2022 жылғы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомство өкілі «аталған адамдармен ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған» атап өтті.

«Олар полицейлерге дене жарақаттарын бұрын тартып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) жасаған», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар «бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары» анықталғанын атап өтті.

1 ақпанда олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды.

Добавить комментарий