Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық болады. Хабарланғандай, бірқатар өңірлерде ауа температурасы 40 градус Цельсийге дейін ысиды.

Синоптиктер 25-26 мамыр күндері Қазақстан аумағында жазғы ыстық ауа райы сақталады деп болжап отыр.

Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне байланысты күн ыстық және құрғақ болады. Еліміздің батысында 30-39°С ыстық болады деп күтілуде, тіпті солтүстік жартысында да сынап бағаны күндізгі уақытта 32-38°С көрсетеді.

Республиканың оңтүстігі және шығысында да ауа температурасы көтеріліп, оңтүстікте 30-40°С, шығыста 30-36°С аптап ыстық болады, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алайда, 27 мамырдан бастап батыс және солтүстік өңірлерге Батыс Еуропа аудандарынан келетін антициклондар әсер етеді. Суық солтүстік ағыны батыс өңірлерде температураның айтарлықтай төмендеуіне, 25-33°С дейін, солтүстікте 18-28°С-қа дейін алып келеді.

Добавить комментарий