Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы бекітілді

Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Мемлекет зейнетке шығу жасын төмендету жөнінде маңызды әлеуметтік мәселені көтерді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жариялады.

ҚР Президенті зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажет екенін атап өтті.

«Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз», — деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет екенін атап өтті.

«Бұл жұмысқа іскерлік абырой-беделі мен кәсіби біліктілігі жоғары мамандары бар жеке компанияларды тартуға болады», — деп толықтырды Тоқаев.

Добавить комментарий