Тоқаев Назарбаевтың жарлықтарын өзгертуде

Ақорданың баспасөз орталығы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 20 жыл бұрын қол қойған жарлықтарының біріне өзгерістер енгізілгені туралы хабардар етті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2000 жылғы 3 сәуірде қол қойылған Мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы Республика Тұңғыш Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізуді көздейтін құжатқа қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы”

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі      № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы мемлекеттік стипендияларының 75 айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін «.

«Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Елбасының 2000 жылғы жарлығына сәйкес жоғарыда аталған стипендияның мөлшері 20 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрады.

 

Добавить комментарий