ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға түсініктеме берді. Атап айтқанда, Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 2 6ас жылқыдан ауру анықталды. Оның ішінде 30 наурызда 4-і қырылды, қалғандарын ветеринарлық дәрігерлер емдеп жатыр.
24 наурызда биологиялық материалдар алынып, жылқының ринопневманиясы мен инфекциялық анемия мен басқа да жұқпалы емес ауруларды зерттеу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.
31 наурызда Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылардың арасындағы аурудың диагнозын анықтау үшін сынама алу мақсатында Атырау облысына келді.
Қызылқоға ауданындағы «Ойтаң» шаруа қожалығындағы қой мен ІҚМ қырылуына қатысты, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректері бойынша, жануарлар малды азықтандыру және тамақтандыру шаруашылығы технологиясын бұзу салдарынан өлді.
Сонымен қатар, комитетке Махамбет ауданының «Мутиев Г.Д.» ШҚ-дағы және Құрманғазы ауданының тұрғыны Самат Елемесовтың малдарының қырылыуы фактілері бойынша эпизоотологиялық тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді. Комиссия құрылып, оның құрамына , Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының, әкімдіктің, ғылыми қызметкерлердің және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері кірді. Бүгінгі күні министрлік эпизоотиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр.