Таулы Қарабах: Қақтығыс Қазақстанға әсер етуі мүмкін бе

Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа қатысты өз пікірімен бөлісті.

Лидия Пархомчик қазір болып жатқан шиеленісті 30 жылдық тыныштықтан кейінгі жарылыс ретінде көрсету мүлдем дұрыс емес деп санайды. Әскери қақтығыстар Таулы Қарабах пен Әзірбайжанның шекарасында шекарада белгілі бір уақыт аралығында болып тұрады.

«Қазіргі оқиғаларды ең ауқымды деп есептеуге болады, алайда әрбір оқиға бойынша да осындай пікір айтылды. 1994 жылы келісім жасалды, ол атысты тоқтату режимін ресми түрде жариялады. Алайда қақтығысқа қатысушылар майдан сызығы бойынша әскери қақтығыстар тәжірибесін қалдырған жоқ, өйткені аумақтық қақтығыс шешілмей қалды. Соңғы бірнеше жылда 2016 және 2018 жылдардағы шиеленістерді еске алуға болады. Өкінішке қарай, тараптар соғыс күтудің тұрақты жағдайында. Іс жүзінде олар позициялық қарсылық көрсетеді», — дейді сарапшы.

Армения Премьер-Министрі аймақта қалыптасқан жағдайды соғыс деп атады. Қазақстандық сарапшы онымен келіспейді және ұстамды тұжырымдар қолданылуы тиіс екенін айтады.

«Барлық қақтығыстар салыстырмалы түрде ұзаққа созылмады. Бұл оқиға ауқымды әскери іс-қимылдардың өрістеуіне әкелмейді және біз оны осындай тұрғыдан саралай алмаймыз деген ықтималдық әлі де сақталып отыр», — дейді сарапшы.

Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыс Қазақстанның мүддесіне қалай әсер етеді деген сұраққа.

«Қазақстан қақтығыстың екі тарапымен де серіктестік қарым-қатынаста. Әзірбайжан біз үшін Оңтүстік Кавказдағы жетекші серіктес, Нұр-Сұлтан бұл қарым-қатынасты бұзбайды. Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіретін Армениямен достық қарым-қатынасты бұзбайды немесе қандай да бір жолмен күмән келтірмейді. Бұл Қазақстанның экономикалық интеграциясы мен сыртқы саяси стратегиясын дамытудың орталық векторларының бірі. Армения республиканың ҰҚШҰ бойынша одақтасы болып табылады, ал Әзірбайжан Армения Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушылардың құрамына кіреді. Осы тұрғыда Ереван мен Бакумен достық байланыс орнату Қазақстанның ұлттық мүддесі болып табылады», — деп мәлімдеді сарапшы.

Дегенмен,ол жағдай шиеленіскен жағдайда Қазақстанға таңдау жасауға тура келетінін білдірді.

Добавить комментарий