ҚР Ұлттық музейінде оқушылар Қазақстан тарихын оқи алады

Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа мәдени-білім беру жобасы басталды. Енді оқушылар Қазақстан тарихын ҚР Ұлттық музейінде оқи алады.

5 қыркүйекте Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Музейдегі оқу күні» атты жаңа мәдени-білім беру жобасының басталғаны туралы хабарлады. Сабақтың тақырыбы мен мазмұны оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді.

Жоба 5-9 сынып оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша теориялық білімдерін бекітуге бағытталған.

«Балалар төл тарихымызды музей экспонаттарының көмегімен зерттейтін болады, бұл балалар үшін де, педагогтар үшін де тамаша мүмкіндік. Зерттеуші ғалымдар, ҚР Ұлттық музейінің экскурсия жетекшілері орта мектептің тарих пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп, геймификация элементтерін қолдана отырып, интерактивті сабақтар өткізеді. Сабақ барысында оқушылар экспонаттармен жақынырақ танысып, артефактілердің көшірмелерін қолда ұстай алады», — деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сабақтар музейдің экспозиция залдарында өтеді. Бір дәрістің ұзақтығы 35-45 минутты құрайды. Еліміздің басқа қалаларының оқушылары үшін музей сабақтары жақын арада онлайн форматта қолжетімді болады. Ол үшін музей қызметкерлері видео сабақтар дайындаған.

Добавить комментарий