Қазақстандық спортшы Аустралияда теннистен өткен жарыста жеңіліп қалды

Қазақстандық спортшы Аустралияда теннистен өткен финалдық кездесуде жеңілді, деп хабарлайды Федерацияның баспасөз қызметі.

«Қазақстандық, 14 жастағы Альбина Кәкенова Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған, «Мельбурн Паркта» өткен Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирінің финалисі атанды. Қазақстандық жас теннисші тартысты өткен соңғы бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді – 7:6, 4:6, 2:6», — деп хабарлайды Федерация.

Спортшы жеңілгеніне қарамастан, еңсесін тік ұстап, салы суға кетпеді.

«Әрине, осыншама күш жұмсап, жеткен финалда ұтылған өкінішті. Дегенмен жылды жақсы бастап, осындай беделді турнирдің финалында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұдан тәжірибе жинадым дей аламын», деді Кәкенова.

Альбина Кәкенова – Астана теннис мектебінің түлегі. «Дәулет» теннис орталығында Марат Шәріповтің басшылығымен жаттығады. 2022 жылы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясы бойынша өткен төрт жарыстың жеңімпазы атанып, 14 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастады.

 

Добавить комментарий