Батыс сарапшылары РФ мен ҚР қарым-қатынасы тең емес деп санайды

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан және Ресей посткеңестік кеңістікте ғана емес, жалпы халықаралық аренада ең жақын көршілес ел мен маңызды одақтас болды. Бұл жасанды түрде құрылған геосаяси құрылым емес. Бірақ шын мәнінде Ресей мен Қазақстан одақтастық қатынасқа бірдей қарайма?

«Қос елді ортақ мүддесі, тарихы мен Қазақстан кеңінен орыс тілі байланыстырады. Тәуелсіздік алғаннан сәттен бастап Қазақстан Ресейде сенімді одақтас әрі тең серіктес ел деп санады. Мәскеудің Қазақстаннан айырмашылығы көршісін саяси және экономикалық ықпалында ұстап, халықаралық аренада ресейлік протекционизмді ұстануға міндетті мемлекет ретінде қабылдайды. Сондықтан да Ресей тарапынан Қазақстанға қатысты тәкаппарлық көзқарас сезіледі», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Еуропалық сарапшылардың айтуынша, «ЕАЭО-да ресейлік кәсіпкерлер, инвестициялар мен тауарлар үшін қолайлы жағдай жасалған, ал Қазақстан мен басқа да мүше елдердегі бәсекелес кәсіпорындар қатаң, тең емес жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр. Ресей ұйымға үстемдік етіп, экономикалық одақты саясиландыруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруда».

Фото: Сарапшылар Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының түрлі салалардағы қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді

Саясаттанушылардың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО елдерімен бірыңғай валюталық аймаққа кіруді жоспарлап отырған жоқ. Мәскеу Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірыңғай валюта енгізу мүмкіндігін жоққа шығармауда.

«Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында (ҰҚШҰ) да жағдай осындай, аталған ұйымның қатарында қос ел бар. Ресей ҰҚШҰ-да да үстемдік етуде. Қауіпсіздік блогы оларды сыртқы қатерден қорғау үшін емес, Мәскеудің геосаяси мүддесін ілгерілету үшін құрылған. Мәскеу өңірде дәстүрлі геосаяси мүддесі үшін әрекет етуде», — дейді сарапшылар.

Фото: Сарапшылар Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының түрлі салалардағы қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді

Батыс саясаттанушылары Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу идеясын да сынға алды. «АЭС құрылысы 5 млрд долларға түседі, оны Ресей Қазақстанға «ізгі ниет белгісі ретінде «қарызға беруді ұсынды. Қазақстан үшін бұл жоба экономикалық тұрғыдан мүлдем тиімсіз. Ал Ресей үшін АЭС салу — Мәскеу өз мүддесіне пайдалана алатын геосаяси актив», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Аталған факторлар Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасына сызат түсіреді. ҚР қуатты, тәуелсіз әрі тұрақты даму жолындағы мемлекет болғысы келеді. Өз кезегінде Кремль көршілес елді бірінші кезекте Ресейдің мүддесін қорғап, әрекет ететін және оның пайдасына шешім қабылдауға міндетті ел ретінде қарайды.

Добавить комментарий