Алаш-Орда: Қазақ халқының «Алаш-Орда» автономиясы үшін күресі

XIX және XX ғасырларда өмір сүрген зиялы қауым өкілдері Қазақстан тәуелсіз ел болуы үшін барын салып күресті. Әңгіме «Алаш» қозғалысы және оның басшысы Әлихан Бөкейханов туралы болып отыр.

Алаш-Орда — қазіргі Қазақстан аумағында құрылған «Алаш автономиясының» орталық билік органы (1917 желтоқсан — 1920 наурыз). «Алаш» партиясы мүшелерінің бастамасымен 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Жалпықазақ съезі өтті. Ол 1920 жылы 5 наурызда Қырғыз Өлкесін басқару жөніндегі большевиктік Әскери-Революциялық Комитеттің күшімен таратылды.

Әлихан Бөкейханов қуатты Ресей империясына қарсы қарулы көтеріліске шығып, тәуелсіздікке қол жеткізу мүмкін емес деп санады. Қазақтарды өзін-өзі басқарып, одан кейін толық тәуелсіздікке алып келетін жалғыз жол, «Алаш» көшбасшысының пікірінше, империяда саяси реформа жүргізу: патшалықтан федеративтік демократиялық мемлекетке айналдыру.

Фото: Алаш партиясы қазақ мемлекеттілігін құра алмады

«Алаш» зиялылары бес негізгі тұжырым үшін күресті:

1) Қазақтың байырғы жері қазақ халқына тиесілі болуы керек.

2) Туған жердің барлық игілік (жердің астын­дағы, үстіндегі) тек қана қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.

3) Дамыған ұлттық экономика ең алдымен Қазақ елi азаматтарының қажеттiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

4) Қазақ республикасында мемлекеттік тіл мәртебесінде қазақ тілі және ислам діні үстемді болуы керек.

5) Жалпыға бірдей білім беру және ғылым.

Фото: Алаш партиясы қазақ мемлекеттілігін құру мен нығайту бағдарламасын жүзеге асыра алмады

Алаш партиясы, Алаш автономиясы мен Алаш үкіметінің халықтың барлық топтарының бірлігі негізінде қазақ мемлекеттін құру және нығайту бағдарламасын жүзеге асыра алмағаны белгілі. Бірақ, олар көздеген мақсатына қол жеткізе алмағанына қарамастан, «Алаш» белсенділері халықтың ұлттық сана-сезімін мемлекеттік деңгейге көтеріп, Қазақ Республикасының шекарасын белгілеуге маңызды рөл атқарды.

Қазақстанның қазіргі билігі қандай саясат жүргізіп жатқанына қарамастан, олардың қазақ зиялылары сияқты бірлік пен тәуелсіздік идеясын басты назарға алып отырғанын атап өткен жөн.

Добавить комментарий