30 мамырға қараған түні Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып, қауіпті жағдайға тап болған туристі құтқару бойынша операция жүргізді.
Турист өз тобынан артта қалып, адасып қалған, ол құтқару қызметіне хабарласып, жағдайды түсіндірді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кешкі сағат 11:00-де «112» нөміріне хабар келіп түскен.
«Құтқарушылар 30 мамыр күні сағат 01:00-де туристі, 1987 жылы туған ер адамды тауып, оны қауіпсіз жерге шығарды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп атап өтті Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері бұл жыл басынан бергі бірінші оқиға екенін атап өтіп, тауға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін Алматы тауларында құтқарушылар жоғалып кеткен Аустралиядан келген туристің мәйітін тапқан болатын. Бұл тауға шыққанда сақтық шаралары мен жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады.