Шымбұлақтағы жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасы: әкімдік қызметтік тексеру жүргізуге ниетті емес

Алматы әкімдігі «Шымбұлақ» қонақ үйі директорының өз қызметкерлерімен байланысы барын жоққа шығарды. Алайда оның қылмыс туралы айғақтар мен ақпаратты жойғаны және қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілікке тартқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік! Жанжал барысында 14 жасар баланы ұрып-соғу оқиғасы орын алған мейрамхана директоры Алматы қаласы әкімі бірінші орынбасарының атын жамылып, бейнекамералардың жазбасын өшіріп, жасөспіріммді соққыға жыққан қаскөйлерді саунаға жасырды. Жасөспірім өмірінің соңына дейінгі психологиялық жағдайынан бөлек, ол бас-ми жарақатын, алды.

Алматы әкімдігі Шымбұлақтағы жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

Бұған дейін алматылық Камилла Әлікеева әлеуметтік желілерде 14 жасар інісін Шымбұлақтағы қонақ үйде демалу кезінде ер адамдар ұрып тастағанын айтқан болатын. Сондай-ақ, ол інісін ұрған бұзақыларды әкімдік шенеуніктері жасырып жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, қонақ үй директоры Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың қамқорлығында екенін айтты.

«Шұмбұлақ тау шаңғы курортында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Қақтығыс кезінде мейрамхана директоры Алматы әкімінің бірінші орынбасарын жеке танымаса да оның атын жамылды. Бұл факті де қаралатын болады. Барлық кінәлі адамдар жазасын алады», — делінген ведомство хабарламасында.

Мұны кәсіпкердің әкімдік шенеуніктерімен байланысын анықтамау үшін қызметтік тексеру жүргізбеді деп түсіну керек пе. Шенеуніктің қонақ үй директорымен таныс еместігі туралы ақпарат қалай алынғаны туралы хабарланбады.

Бұған дейін Алматы полиция департаменті хабарлағандай, Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша 1983 жылы туған М.А. жасөспірімді ұрды деген күдікпен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ал Шымбұлақтағы қонақ үйідің директоры ҚР қылмыстық заңнамасының нормаларын бұзатын заңға қайшы әрекеттеріне қарамастан, оған ешқандай кінә тағылған жоқ.

Добавить комментарий