Алматы: Пойыздың төбесінен ер адамның денесі табылды

Алматыда Белинский көшесінде пойыз төбесіндегі ер адамның жатқаны көрінетін видео түсірілді.

Көліктегі ДП оқиғаны растады.

«Аталған факті Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий