Тараз: Мейрамхана маңында адам өлтірген күдікті ұсталды

Таразда полицейлер Ақбұлақ ықшамауданындағы мейрамханада кісі өлтірді деген күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.

Естеріңізге сала кетейік! 30 тамызда түнде Ақбұлақ шағын ауданында 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Жедел-тергеу тобы жіберілді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдіктінің жеке бас анықталды — ол 33 жастағы Тараз қаласының тұрғыны.

Аталған факт Жамбыл облыстық полиция басқармасы басшылығының бақылауында екендігі атап өтілді. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері тергеуден жасырынып жүрген 33 жастағы күдіктіні үш тәулікке қамауға алды.

Факті бойынша ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 1-бөлімінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Алдын ала тергеу барысында күдіктінің айтуынша, қаза болған адаммен арадағы болған жанжалға сөзге келіп қалғаны себеп болған. Күдікті кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп түсіндірді Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

Добавить комментарий