Ашық ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, бүгін, 12 желтоқсанда Қарағандыда жылу беруде ақаулар болды. Хабарланғандай, тексеру барысында екінші автопарк ауданында сальниктік компенсатордан нормативтен тыс ағу фактісі анықталды.
Теплотранзит Қарағанды хабарлағандай, ауа-райының қолайсыздығы мен аяздарға байланысты бұл жұмысты атқару мүмкін емес болды. Қазіргі уақытта ақаулы участок өшірліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тұрғында М3 жылу желісіне қосылды. Сол себепті Восток 5, Көгілдір тоғандар, Оңтүстік – Шығыс, Федоровка және қала орталығының бір бөлігі, жылумен қамтамасыз етудің нашарлатылған режиміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта «Теплотранзит Караганда» ЖШС жұмыс бригадасы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, — деп хабарлайды Теплотранзит Қарағанды баспасөз қызметі.
Компания өкілдері атап өткендей, ақау жөнделгеннен кейін температуралық және гидравликалық режимдер қалыпқа келтіріледі.