Алматы: 21 түп алма ағашы заңсыз кесілді

Жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, Алматы қаласы Медеу ауданында 21 түп алма ағашы заңсыз кесілді.

«Тексеруге барған кезде 21 алма ағашының кесілгені расталды. Осыған байланысты тексеру актісі жасалып, 500 АЕК шығын есептеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін Полиция департаментіне хат жолданды», — деп хабарлады басқарма өкілі.

ҚР ҚК 340-бабы — «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қозғалған іс бойынша кінәсін толық мойындаған кезде жасыл екпелерді қорғау қағидалары бойынша осындай бұзушылық үшін жалпы пайдаланылатын жерлерде 1050 ағаш көлемінде өтемдік отырғызу көзделген.

Добавить комментарий