Жобаларды коммерцияландыру: Қазақстанда ғалымдар 6 млрд теңгеге жуық табыс тапты

Қазақстандық ғалымдар коммерциялық жобалардың арқасында 2016 жылдан бері 6 млрд теңгеге жуық табыс тапты.

«2016 жылдан бері коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру бойынша 151 жоба бекітілді. 93 бастама іске асырылды, қалған 58-і іске асырылу сатысында, 15 жоба экспортқа шықты. Жобаларды іске асыру аясында 16,4 млрд теңгеге өнім сатылды, оның ішінде экспортқа – 346,7 млн теңге. Төленген салық сомасы 5,2 млрд теңгені құрады. 1 411 жұмыс орны құрылды. Ғалымдардың табысы 5,7 млрд тг құрады», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ғҒылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) сейсенбі күні өткен алғашқы отырысының қорытындысы бойынша.

Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, жетекші ғылыми институттардың өкілдері, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеушілер, мемлекеттік грант алушылар қатысты.

«Жобаларды коммерцияландыруға бағытталған гранттардың негізгі мақсаты — технологияларды құру және оларды алғашқы сатылымға жеткізу. Мұның бәрі Қазақстанға экономикадағы ғылымның өзіндік зияткерлік әлеуетін құруға, Ғылым қоры желісі бойынша іске асырылатын ғылыми-техникалық қызметтегі жобаларды ынталандыру шараларын күшейтуге мүмкіндік береді», — деді Тоғжанов.

Атқарылған жұмыс туралы импорт алмастыру саласында мемлекеттік гранттар алған және іске асырған кәсіпорындардың басшылары баяндады. Кейбір заңдарға өзгерістер енгізу қажет екендігі атап өтілді, бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және зияткерлік әзірлемелерден кіріс алуға мүмкіндік береді.

«Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және зияткерлік әзірлемелерден кіріс алуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Вице-Премьер бейінді министрліктер мен ведомстволардың басшыларына проблемалық мәселелерді пысықтап, оларды шешу бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізуді тапсырды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық қорына грант алушыларды ұзақ мерзімді тапсырыстармен (оффтейк) қамтамасыз ету мәселесін пысықтау міндеті қойылды. Ғылым қорына коммерцияландыру жобалары үшін бизнес-акселерация бағдарламасын ұйымдастыру тапсырылды», — деп толықтырды министрлік.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар, грант алушылар мен ғалымдардың алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

«Олардың ең бастысы – өңдеу өнеркәсібіндегі 5-6 қайта өңдеуге көшу үшін отандық ғылымның әлеуетін тарту», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий