Доллар 4 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады. Оның бағасы 4 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,10 теңгеге көтеріліп, 472,21 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-31 тамыздағы ресми бағамы бір доллар үшін 468,10 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 471,78 теңге, сату бағамы 476,05 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 467,81 теңгеден сатып алады, 472,11 теңгеден сатады.

Добавить комментарий