Коронавирус: айырбастау пункттер, ломбардтар мен банктердің жұмыс режимі өзгерді

Қазақстанда қаржы-несие ұйымдарына несиелік қызметтерді барынша онлайн қызметке ауыстыру ұсынылды.

ҚР азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы бірлескен бұйрықты жариялады.

Субъектілер тізбесіне мына нысандар кірді

Екінші деңгейдегі банктер, ҚР-ның резидент емес банктердің филиалдары;

ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

Ипотекалық ұйымдар;

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары

Сақтандыру брокерлері, ҚР резидент емес сақтандыру брокерлерінің филиалдары;

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар;

Төлем ұйымдары;

Коллекторлық агенттіктер.

Құжатқа сәйкес, 19 қаңтардан бастап жоғарыда аталған барлық субъектілерге «қызметтерді барынша онлайн режимде қамтамасыз ету» міндеттеледі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мыналарға жататын өңірлерде қызметін жүзеге асыратын субъектілер:

«қызыл» аймақта — өндірістік қажеттілік болған жағдайда халыққа қызмет көрсету кезінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шаралары қатаң сақталған жағдайда қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 40%-ы қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 60%-ы қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз ету;

«сары» және «жасыл» аймақтарға – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30% қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін, — делінген бұйрықта.

ЕДБ, құжатқа сәйкес «клиенттердің операцияларын өңдеуді және банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтің, мобильді банкингтің және клиенттердің банк шоттарын қашықтықтан басқарудың басқа да жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің, call-қызметтің, төлем карталарын жеткізу қызметтерінің, сондай-ақ олардың қалауы бойынша басқа да қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет».

Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктерге және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға «экономика субъектілері мен халықты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен уақтылы толықтыруды және олардың кідіріссіз жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету» міндеттелген.

Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен көзделген шектеу шаралары және (немесе) іс-шаралары жойылғанға дейін қолданылады, — делінген құжатта.

Добавить комментарий