Полиция қызметкерлері 4 ақпан күні түнгі сағат 3:00 шамасында 102 операторының пультіне келіп түскен хабарламада көрсетілген мекенжайға шықты.
Уәлиханов көшесінде орналасқан «Томирис» кешенінің тұрғыны шағымда айтқан фактілер расталды. Әйел жалдамалы көрші пәтерде жеңіл жүрісті қыздардың түнде қонақтар қабылдап, көршілердің мазасын алатынына арызданды.
ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында №2 полиция пунктінің учаскелік инспекторлары сол пәтерде жезөкшелікпен айналысқан Түркістан қаласының екі тұрғынын анықтады. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы («Түнгі уақытта тыныштықты бұзу») бойынша хаттама толтырылды. ал 48 жастағы пәтер иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар ұсыну») сәйкес 218 775 мың теңге айыппұл салынды.
- Бұдан басқа, пәтерді жалға берудің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады, — деп толықтырды ПД.