ШҚО-да рота командирі сарбаздардың айлығын алып, олардың атына несие рәсімдеген

Шығыс Қазақстан облысында рота командирі қол астындағы сарбаздарға қатысты алаяқтық әрекеттерін жасады деген айып бойынша үкім шығарылды.

Семей гарнизонының әскери соты Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдерің бірінің рота командирін 3 жылға бас бостандығынан айырды. Офицер қол астындағы сарбаздарға қатысты алаяқтық әрекеттері үшін жауапқа тартылды.

2021 жылдың қыркүйек айының соңында Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Аягөз бөлімі әскери қызметшіге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында рота командирі қызметтік бабын пайдаланып, әскери қызметшілердің атына несие ресімдеп, олардың айлығын тартып алып отырғаны анықталды.

«Офицер банктік мобильдік қосымша және шағын несие ұйымдары арқылы интернет-ресурстарда қол астындағы сарбаздардың атынан жалпы сомасы 2 млн 20 мың теңге болатын алты несие рәсімдеген. Ол сондай-ақ бірнеше рет 17 сарбаздың банк карталарын тартып алып, Халық банкінің қосымшалары арқылы жалпы сомасы 100 мың теңгеден асатын айлығын иемденген», — деп хабарлайды ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.

Офицер қылмыстық жолмен тапқан ақшаны букмекерлік компаниялардың бірінде ставка қойып, ұтылып қалғаны анықталды. Тергеу амалдары барысында әскери қызметшілерге келтірілген шығынды өтеуге мміндеттелді.

Добавить комментарий