Жапонияда тайфунға байланысты 290 мың адамды эвакуациялайды

Батыс Хиросима және Симанэ, сондай-ақ орталық Айти префектураларының тұрғындарына тиісті нұсқаулық жолданды, деп хабарлады NHK телеарнасы.

Жапонияның 291,1 мың тұрғыны «Лупит» тайфуны кесірінен көшкін жүру және су тасқыны қаупінің күшеюіне байланысты жергілікті биліктен эвакуациялау туралы нұсқаулық алды. Бұл туралы дүйсенбі күні NHK телеарнасы хабарлады.

Атап өтілгендей, Батыс Хиросима және Симанэ, сондай-ақ орталық Айти префектураларының тұрғындарына тиісті нұсқаулық жолданды. Сонымен қатар, Жапония билігі елдің оңтүстік-батыс аудандарының тұрғындарына жолданған осыған ұқсас нұсқаулықтың күші жойылды .

Биыл Тынық мұхитында пайда болған тоғызыншы тайфунның жылдамдығы 23 м/с, екпіні 35 м/с жетеді. Қазір «Лупит» Жапонияның батыс аудандарынан, елдің солтүстік-шығысына қарай ығысуда.

Добавить комментарий