Мали: әскерилер президент пен премьерді босатты

Малиде тұтқынға алынған уақытша президент Ба Ндао мен ел премьері Моктар Уан босатылды. Бұл туралы бейсенбі күні әскерилер өкіліне сілтеме жасап Agence France-Presse басылымы хабарлады.

Басылым дереккөзінің пікірінше, бұл Батыс Африка мемлекеттерінің Экономикалық қоғамдастығы делдалдарының делегациясымен жасалған келісімнің нәтижесі

«Премьер-министр мен уақытша президент бейсенбіге қараған түні босатылды», — деп мәлімдеді әскери билік өкілі. Ол Нигерияның бұрынғы президенті Гудлак Джонатан бастаған Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы (ECOWAS) делдалдарының Мали қаласындағы делегациясымен жасалған келісімнің нәтижесі екенін білдірді.

Малидің уақытша президенті Ба Ндао мен уақытша премьер-министр Моктар Уанды дүйсенбі күні әскерилер ұстап, елордаға маңындағы Кати әскери базасына жеткізген. Вице-президент Ассими Гоита 24 мамырда жариялаған мәлімдемесінде президент пен премьердің тамыз айында қабылданған өтпелі кезең хартиясын бұзғаны үшін оларды өкілеттігінен айырып, уақытша конституцияны алмастырғанын хабарлады. Гоита жаңа үкімет құрамына министрлерді тағайындау кезінде президент пен премьер хартияның маңызды талаптарын бұзғанын атап өтті. Сәрсенбі күні Малиде Ба Ндао мен Моктар Уан отставкаға кетіп, қызметтерінен босатылғанын жарияланды.

Ндао мен Уанның отставкаға кеткенін өткен сәрсенбі күні Кати базасында болған ЭКОВАС делдалдары делегациясының мүшесі растады. «Біз келгенде олар отставкаға кеткені туралы мәлімдемелерін оқыған», — деп RFI француз радиостанциясы кездесуге қатысушының сөзін келтіреді. Бұл ретте радиостанцияның сұхбаттасушысы бұндай шешімге келу үшін олар қысымға ұшырағанын жоққа шығармады. ECOWAS делегациясы Ндао мен Уанды дереу босатпаса, әскери санкция салатынын айтып, сес көрсеткен.

Гоита ECOWAS делегациясымен жүргізілген келіссөздер барысында өтпелі кезең — 2022 жылдың ортасына дейін Мали президенті лауазымын атқаратынын, ал вице-президент лауазымы бос болатынын мәлімдеді.

Добавить комментарий