Испанияға мигранттарды заңсыз тасымалдаған: Полиция қылмыстық топтың жолын кесті

Испанияда тәртіп сақшылары елге пәкістандық мигранттарды заңсыз тасымалдаған қылмыстық топты анықтағанын мәлімдеді.

Оларды ЕО аумағына «адам төзгісіз және денсаулыққа қауіпті жағдайда» жүк көліктерімен тасымалдады, деп хабарлады Испания полициясы.

Испания Ұлттық полициясы басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет етті.

Олардың мәліметінше, операция жеті мемлекетпен және Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) және Еуропалық әділет органдарының ынтымақтастық жөніндегі агенттігімен (Еуроюст) бірлесіп өтті. Қылмыстық топтың мүшелері мигранттарды тасымалдау үшін Балқан маршрутын пайдаланды. Оларды ЕО аумағына «адам төзгісіз және денсаулыққа қауіпті жағдайда» жүк көліктерімен тасымалдады, деп хабарлайды Испания полициясы.

Тәртіп сақшылары қылмыстық ұйым Еуроодаққа кем дегенде 400 мигрантты тасымалдап, заңсыз жолмен €2 млн астам пайда көргенін атап өтті. Тергеу амалдарының нәтижесінде Испания, Румыния, Словения және Хорватияда 15 адам ұсталды.

Добавить комментарий