Жалғызбасты зейнеткерлерге әлеуметтік қызметкерлер күтім жасайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, Қазақстандағы жалғызбасты зейнеткерлерге әлеуметтік қызметкерлер күтім жасайды.

Тиісті өзгерістер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көзделген.

Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да арнаулы әлеуметтік қызметтер енді үйде көрсетілетін болады.

Тиісті өзгерістер «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көзделген.

Жоғарыда аталған норманы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ және ЖАО өкілдері ұсынды.

Добавить комментарий