Қазақстан бойынша 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылғы 25 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде қар жауады. Тек батыста — ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста — бұрқасын соғады.

«Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қарағанды облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде қалың қар жауады», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр жауады, қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2… -4°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3… +5°С, күндіз +10… + 12°С болады.

Добавить комментарий