Бүгін, 2020 жылдың 14 қазан күні жауын-шашынсыз күн болады деп күтілуде.
Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронталдық бөлімдердің өтуімен ҚР шығысында ғана кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді деп күтіледі, солтүстік және шығыс бөлігінде тұман болады.
Жамбыл облысында кей жерлерде, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.
Павлодар облысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл облыстарында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.