Қырғызстанмен әскери көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан сенаторлары Қырғызстанмен әскери көмек көрсету туралы келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, еліміз бауырлас елге әскери техника мен атыс қаруын жеткізеді.

«Орталық Азияға іргелес аудандардағы қауіпсіздік саласындағы күрделі жағдайдың , сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікке төнген қауіп-қатердің өршуіне байланысты әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан Қарулы Күштерінің осы қауіп-қатерге тойтарыс беруіне және бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін нығайту мүмкіндіктерін күшейтуге мүмкіндік береді», — делінген ҚР Қорғаныс министрі орынбасарының баяндамасында.

Қазақстан әскери техниканы Қырғыз Республикасының Қой-Таш елдімекеніне дейін автомокөлікпен жеткізеді және шығынды өзі көтереді.

Өз кезегінде қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана пайдаланады, үшінші тарапқа бермейді және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды.

Добавить комментарий