Нұрлан Әбдіров Сенат депутаты болып тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Әбдіровті Парламент Сенатының депутаты етіп тағайындағаны туралы хабарланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Нұрлан Әбдіров 1961 жылы туған. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін заңгер-құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор мамандығы бойынша бітірген.

КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚХС қызметтерін атқарды. ҚР Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы, ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

2004-2005 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, 2005-2009 жылдары Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2016 жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы болды.

Добавить комментарий