Украина мен Ресей арасындағы соғыста соңғы күндері байқалып отырған жағдай Украина ауқымды шабуылға кіріскенін айқын көрсетеді. Бұл туралы бірқатар батыстық саясаткерлер айтып отыр.
Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский де мәлімдеді.
Қазіргі таңда соғыс алаңында нақты қандай жағдай орын алғанын білу өте қиын, оның үстіне осы шабуылға қатысты қандай да болжам жасауға әлі ерте. Бірақ, шабуылдау операциясының бастапқы кезеңіне қарамастан, қазір орын алып жатқан оқиғалар туралы сөз қозғап, талқылайтын мәселелер бар.
Талқыланатын тақырып Киевтің шабуылдау қимылдарының бастапқы кезеңіндегі негізгі соққы жасау үшін таңдаған бағыттарына қатысты болмақ. Украина билігі өкілдерінің мәлімделері мен түсініктемелерін саралайтын болсақ, Украинаның әскери-саяси басшылығы шабуылдау үшін екі басым бағытты — Бахмут және Запорожье қалаларын таңдағаны анық байқалады.
Күн сайын украиналық өкілдер екі бағытта да Украина Қарулы Күштері 200-500 метрге дейін алға жылжып жатқанын айтады. Неліктен Киев Бахмут бағытын таңдады? Бірінші кезекте Ресей әскерінің ең ірі тобын осы жерде ұстап тұру үшін және Ресей қолбасшылығының соғыс алаңының басқа учаскелеріне ауысуына жол бермеу үшін. «Бахмут бұл үшін өте ыңғайлы болды. Мәскеуге Бахмутты жаулап алу әскери емес, саяси мақсатта керек болғаны белгілі. Путин аталған қаланы жаулап алу арқылы Ресей халқына РФ әскері жеңіске жетуге қабілетті екенін көрсетпек болды. Осы пайымдауларға сүйене отырып, ол өз жауынгерлеріні басым бөлігін өлім жіберді. Ресейліктер Украинаның нығайтылған позициясына толассыз шабуыл жасап, жеке құрам орасан зор шығынға ұшырады.
БАҚ беттерінде аталған шабуылдар «тірі өліктер шабуылы» деп те аталды. Кремль бұл бағытқа өз жауынгерлері мен әскери техникасының басым бөлігін жіберді. Еске сала кетейік, сарапшылардың бағалауынша, РФ әскері қаланы жаулап алу үшін 8-10 ай бойы шабуыл жасады. Қалада 100 000 адамнан аспайтын адам тұрады. Осылайша, Бахмут үшін шайқас Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі, тіпті ХХ ғасырдағы шайқастардан да ұзаққа созылды», — деп жазады украиналық саяси технологтар. Ресей әскері Бахмутты жаулап алғанымен, Украина тарапы қаланың шағын аумағын бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді.
«Айте кетерлігі, Путин өз империялық амбицияласының тұзағына түсті. Аталған елді мекенді басып алу кезінде Ресей армиясының орасан зор шығындары Путин режимінің көксеген мақсатына қол жеткізу үшін ешнәрседен тайынбайтынын көрсетеді. РФ әскері ұзақ айлар бойы шайқасып жүріп жаулап алған қаланы санаулы күндердің ішінде уысынан шығарып алмауға болмайды, өйткені бұл Ресей президенті мен РФ әскерінің имиджіне кері әсер етеді. Оның үстіне аталмыш елді мекенді басып алу Кремль пропагандасына соғыстың қазіргі кезеңіндегі басты жеңістерінің бірі ретінде жариялады», — деп түсіндірді саясаттанушылар.
Әскери мамандардың пікірінше: «Енді Ресей Федерациясы Бахмутты бақылауында сақтау үшін әскерилерінің басым бөлігін осы елді-мекенде қалдырып, басқа учаскелерді құрбан етеді, бұл Украина Қарулы күштеріне таптырмас мүмкіндік.