ЕАЭО-ға мүшелік Қазақстан мен Ресейді тығыз байланыстырады

Еуразиялық экономикалық одақ өңірлік экономикалық ұйым болып табылады. Оны 2015 жылы бұрынғы КСРО-ның құрамында болған бірнеше ел құрған. Қазақстан мен Ресей осы экономикалық ұйымның мүшесі.

Коронавирус пандемиясы әлемдегі барлық ел үшін қатты соққы болды. Эпидемияға қарсы нормаларға байланысты шектеу шаралары енгізіліп, соның салдарынан елдер өз шекараларын уақытша жабуға мәжбүр болды.

Қазіргі таңда қос елдің өзара іс-қимылы бірте-бірте жанданды. «Пандемияға қарамастан Мәскеу аталған сауда блогында ықпалын тоқтатпады. Сондай-ақ Мәскеу интеграциялық жақындасу процестерін жүзеге асырмқ. Бұған Ресейдің ЕАЭО-ны кеңейту жөніндегі күш-жігерін жатқызуға болады.Әңгіме кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін құру туралы болып отыр», — дейді батыстық саясаттанушылар. Экономистер Мәскеудің мұндай әрекеттері қатысушы-елдердің теңсіздігін ушықтырып, тек Ресейге ғана тиімді болады деп санайды.

Фото: ЕАЭО-ға мүшелік республиканың мүддесіне кері әсерін тигізуі мүмкін, деп есептейді батыстық сарапшылар

«Қазақстан үшін Мәскеудің іс-әрекеті жағымсыз сипатқа ие. ҚР сыртқы саясатында көпвекторлы бағытты ұстанады. Нұр-Сұлтан АҚШ-пен, Ресеймен, Қытаймен, Түркиямен және басқа да елдермен жақсы қарым-қатынасты сақтап отыр, мұндай сыртқы саясат моделі Орталық Азия мемлекеті үшін тиімді. Мәскеу өз әрекетімен Қазақстан үкіметін нақты бір тарапты таңдауға мәжбүрлейді. Кремль экономикалық одақты саясаттандыруға барын салып жатыр», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

«Бұл мәселеде ҚР-ға солтүстік көрші тарапынан қысым жалғасатыны анық. Орталық Азиядағы елдер үшін бұл ауыр жағдай. Қазақстан Батысқа қарай бет бұратын болса, Ресей агрессивті әрекет ете байстайды, қазіргі таңда ҚР-ға қатысты саясаты дәйектілігімен және болжамдылығымен ерекшеленбейді. Ал егер Мәскеуді таңдаса, Қазақстан батыс мемлекеттерімен қарым-қатынаста дербес шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылады», — дейді шетелдік саясаттанушылар.

Добавить комментарий