Орал қаласындағы Перевалочная роща ауданында 90-нан астам құтқарушы өрт сөндіруде

Оралда «Перевалочная роща» ауданында шыққан өрт сөндірілуде: жүздеген құтқарушылар мен ондаған техника жұмылдырылды

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 20 сәуірде 14 сағат 21 минутта Орал қаласы «Перевалочная роща» ауданында құрғақ шөп өртеніп жатыр деген хабар келіп түсті. Жанып жатқан құрғақ шөптің жалпы ауданы 5 га., оның ішінде 3 га. дала шөбі және 2 га. орман қоры. Оқиға орнында 90-нан астам адам және 21 техника бірлігі, соның ішінде 3 арнайы өрт сөндіру бөлімі, өрт сөндіру кезекші қызметі және «Резерв» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, қаланың төтенше жағдайлар басқармасының, «Жайыққала» АҚ, «Орал Қаласы» АҚ, орман шаруашылығы мен қала әкімдігі күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызыл жалынды ауыздықтау жалғасуда.

Добавить комментарий