Сауалнамаға қатысқан украиндықтардың 83 пайызы НАТО-ға қосылу идеясын қолдады. «Рейтинг» тобы жүргізген әлеуметтік зерттеу жұмыстарының нәтижесі осындай. Бұл сауалнама тарихындағы ең үлкен көрсеткіш, деп хабарлайды сарапшылар.
Осылайша, НАТО-ға қосылу жөнінде референдумда өтетін болса 83%-ы қолдайды, 4% қарсы дауыс беретін болса, 9% қалыс қалады.
2022 жылдың маусым айында НАТО-ға қосылуды халықтың 76%-ы қолдаған.
ЕО-ға қосылудан қарағанда, НАТО-ға мүше болуды елдің шығысындағы тұрғындар сақтықпен қарауда (69% — қосылуды қолдайды, 9% — қарсы, 17% — дауыс беруге келмейді). Бұған қарамастан алдыңғы сауалнамамен салыстырғанда осы макроөңір тұрғындары арасында Альянсқа қосылуға қолдау көрсету динамикасы өте жақсы (маусым айында қосылуды қолдағандар 55%, қарсы — 20%, дауыс беруге келмеймыз дегендер — 22%).
Сауалнама 2022 жылдың 1-2 қазан аралығында өткізілді.