ХҚКО өрттен зардап шеккендердің құжаттарын тегін қалпына келтіреді

ХҚКО Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендердің құжаттарын тегін қалпына келтіреді.

Бүшін Қостанай облысында екі мобильді ХҚКО өрт кезінде құжаттары жоғалған немесе жанып кеткен азаматтарды қабылдап жатыр.

Өрттен зардап шеккендер жылжымайтын мүлік желісі бойынша құжаттарын тегін қалпына келтіре алады:

-жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;

  • жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру;

  • жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру.

Сонымен қатар, азаматтардың заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша:

  • Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;

  • жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру.

Мобильді ХҚКО Әулиекөл және Қарасу аудандарында: Әулиекөл ауылы, Ш. Жәнібек батыр көшесі, 32 және Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан.

ХҚКО қызметкерлері зардап шеккендерді кезексіз және түскі үзіліссіз қабылдайды

Добавить комментарий