Болгар үкіметі Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы болгарлық БГНЕС ақпарат агенттігі хабарлады.
«Парламенттің шешімі негізінде біз Украинаға әскери көмек көрсетеміз. Бірақ танкі бермейміз, менің ойымша, бұл қару-жарақ пен оқ-дәрі туралы әңгіме болды. Біз қазіргі таңда болгар азаматтарын алаңдатпау үшін қолымыздан келгенше көмектесеміз», — деп атап өтті шенеунік.
Ол сондай-ақ Украинаға берілген әскери көмек Болгария әскерінің жауынгерлік қабілетіне әсер етпейтінін айтты.
Айта кетейік, Болгария қорғаныс министрлігі бұған дейін Украинамен әскери көмектің түрі мен көлеміне қатысты консультациялар өткізгенін хабарлаған болатын.