Украинаның Оңтүстік портынан күнбағыс майы тиелген кеме шықты. Кеме ҚХР-ға аттанды. Оның бортында 43 250 тонна күнбағыс майы бар.
Бұл туралы Бірлескен үйлестіру орталығы (БҮО) хабарлады.
«Бүгін Champion Pula кемесі Оңтүстік портынан шықты, ол қара теңіз астық бастамасы аясында Қытайға 43 250 тонна күнбағыс майын тасымалдайды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, астық бастамасы аясында 8 қарашада теңіз гуманитарлық дәлізі арқылы өткен алты құрғақ жүк кемесі Украина порттарына жөнелтілді.
Бұдан басқа, 80 кеме Украина порттарына кіруге рұқсат берілуін күтуде, сондай-ақ, 13 жүк тиелген кеме Түркияның аумақтық суларында тексеруден өтуге дайындалуда.
«8 қарашадағы жағдай бойынша украиналық үш порттан экспортталған астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдердің жалпы тоннажы 10 110 425 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда барлығы 869 кеменің қозғалысына рұқсат етілді: олардың 437-сі Украина порттарына кіруге және 432-сі одан шығуға», — делінген хабарламада.