Қазақстанда бір аптада 421,9 млн долларға валюталық интервенция жүргізілді

Қазақстан Ұлттық банкі өткен аптада $421,9 млн сомасында валюталық интервенция жүргізгенін хабарлады.

Ұлттық банк инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне ауысу бойынша жұмысын жалғастыруда

Қазақстанның Ұлттық банкі ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Сыртқы күтпеген өзгерістердің ел экономикасына қарай ауысуын болдырмау үшін және ішкі валюта нарығындағы балансты қолдау мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді. Өткен аптада олардың көлемі 421,9 млн АҚШ долларын немесе биржалық сауда-саттықтың жалпы көлемінің 59,2%-ын құрады», — делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату өткен аптада 240,2 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 92,9%-ын құрады.

«Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы санкциялық риторикаға, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады. Бұл ретте Ұлттық Банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен айырбастау бағамының еркін қалыптасу қағидаттарына бейімділік қажетті талабы болып табылатын инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне ауысу бойынша жұмысын жалғастыратынын атап өткен жөн», — деп атап өтті реттеуші.

Добавить комментарий