Украина: ұлтшыл Стерненконы бас бостандығынан айырды

Одессаның Примор сотының судьясы украиналық ұлтшыны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сергей Стерненконы бір топ адаммен алдын ала сөз байласып адам ұрлағаны және заңсыз қару сақтағаны үшін кінәлі деп тапты.

Одессаның Приморский соты одессалық «Оң сектор» ұяшығының бұрынғы жетекшісі Сергей Стерненконы адам ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Мұндай шешімді сейсенбі күні инстанцияның YouTube-тегі арнасында трансляцияланған отырыста, істің судьясы Виктор Попревич жариялады.

Судьяның айтуынша, сотталушы бір топ адаммен алдын ала сөз байласып адам ұрлағаны және заңсыз қару сақтағаны үшін кінәлі деп танылған. Стерненконың өзі үкіммен келіспеді, ал оның жақтастары үкім жарияланғаннан кейін айыптаушы тарапқа қоқан-лоқы көрсетті. Сот отырысынан кейін радикалдар полиция қызметкерлерімен қақтығысты.

Сотталушының қорғаушысы аппеляция беруге ниетті екенін мәлімдеді.

Үкім 2015 жылы Одесса облысы Лиман кенттік кеңесінің депутаты Сергей Щербичті ұрлау ісі бойынша шығарылды. Шенеуніктің өзі полицияға оны Стерненко бастаған ұлтшылдар ұрлап, азаптағаны туралы арыз жазған. Босату үшін олар 300 мың гривен (шамамен $10,7 мың) талап етті. Бұл арыз бойынша қылмыстық іс ашылды, бірақ ол 2019 жылға дейін тергелмеген.

Бұған дейін Стерненкоға қасақана адам өлтірді және суық қару алып жүрді деген айып тағылған болатын. Полицияның мәліметінше, 2018 жылдың көктемінде Одессада болған көше төбелесі кезінде Черноморск тұрғыны Иван Кузнецовті қуып жетіп пышақтады, кейін ол алған жарақатынан қайтыс болған. Стерненконы қорғаушылары жағдайды өзін-өзі қорғамақ болды деп түсіндірді. 29 қаңтарда ол “Голос” партиясының депутаты Роман Лозинскийдің кепілдігімен босатылды.

Добавить комментарий