ЕО елдері Украинаға өз әскерлерін жібермейді

ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Еуроодақ елдерінің күн тәртібінде Украина аумағына әскерін жіберу мәселесі тұрмағаны туралы мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Боррель El Pais-ке берген сұхбатында айтты.

«Егер біз (Украинаға — ред.) әскерімізді жіберсек, соғысқа кірісер едік, бірақ бұл күн тәртібінде тұрған жоқ және ешқашан тұрмайды», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Боррель еуропалық елдердің әскери қызметкерлері УҚК әскерилерін оқытуда, атап айтқанда батыстық танк экипаждарын даярлауға атсалысып жатқанын атап өтті.

«Танктер үшін даярлықтан өткен экипаждар болуы қажет. Олардың (УҚК жауынгерлері — ред.) даярлығы Еуроодақ әскери миссиясы аясында Польша мен Германияның жаттығу лагерлерінде басталды. Бұл машина аудауды үйрету емес, бұл апталап өтетін арнайы дайындық», — деді ол.

Еске сала кетейік! Жозеп Боррель Украина премьер-министрі Денис Шмыгалмен кездесуден кейін ақпанның 2-і күні ЕО тағы да 15 мың украиналық әскерилерді оқытатынны және минадан тазартуға 25 млн еуро бөлу туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Добавить комментарий