Украина елге дрондарды әкелу тәртібін жеңілдетті

Украина Үкіметі ел аумағына дрондарды әкелу тәртібін жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

«Үкімет дрондар үшін fast-track қабылдады. Қарапайым тілмен айтқанда — дрондарды әкелу үшін экспорттық бақылау қызметінен немесе басқа да органдардан ешқандай құжат қажет емес».

Федоров бірнеше апта бұрын украиналық өндірушілер мен дрондарды жеткізушілерге олардың жұмысы мен дамуына кедергі келтіретін басты проблемаларға қатысты сауалнама жүргізілгенін айтты.

Осыдан кейін үкімет Украинаға әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың импортын барынша жеделдету және жеңілдету туралы бірінші қаулы қабылдады. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен құрамдас бөліктері.

Оның айтуынша, басқа да бірқатар бастамалар әзірленіп жатыр.

Добавить комментарий